5 сағат бұрын
Бүгін Дастан Сәтпаев 18 жасқа толды
Бүгін 12 тамызда қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев 18 жасқа толды. Осы күннен бастап оның лондондық «Челсимен» жасасқан келісімі де ресми түрде күшіне енді.
Дастан Сәтпаевтың «Челсиге» ауысатыны 2025 жылдың ақпанында жарияланған еді. Қазақстандық шабуылшы ағылшын клубымен 2033 жылға дейін келісім жасаған. Transfermarkt дерегіне сәйкес, трансфер құны 2,4 млн еуроны құрады.
Футболшы шілде айында жаңа командасының жаттығуларына қосылып, маусым алдындағы бірнеше матчта алаңға шықты. Сол ойындардың бірінде Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты.
Оның трансферін бұған дейін толық рәсімдеуге футболшының кәмелетке толмағаны кедергі болған.
Енді Дастан Сәтпаев 18 жасқа толып, «Челси» сапында ресми ойындарға қатыса алады.
Қазақстандық шабуылшының жаңа маусымды қай клубта өткізетіні әзірге белгісіз.
Біздің серіктес: Sport12kz