4 сағат бұрын
«Ахмат» Максим Самородов үшін «Спартакпен» келіссөзге дайын
Грозныйдың «Ахмат» клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовтың Мәскеудің «Спартак» командасына ауысуына қатысты келіссөздерді қайта жалғастыруға дайын. Бұл туралы клубтың спорт директоры Руслан Газзаев айтты.
Оның сөзінше, қазір екі клуб арасында келіссөз жүріп жатқан жоқ. Алайда тараптар бұған дейін футболшының трансферін талқылаған.
Бұған дейін «Спартактың» Самородов үшін 4 млн еуро ұсынғаны хабарланған. Кейін ұсыныс көлемі бонустарды есептегенде 8 млн еуроға дейін жеткені айтылды. Ал «Ахмат» футболшыны кемінде 10 млн еуроға бағалап отыр деген ақпарат бар.
Ал Максим Самородовтың өзі де Мәскеу клубына ауысуға мүдделі. Егер тараптар жазда ортақ мәмілеге келе алмаса, трансфер мәселесі қысқы терезеде қайта қаралуы мүмкін.
Біздің серіктес: Sport12kz