4 сағат бұрын
Зинедин Зиданның ұлы «Ред Стар» сапына қосылды
Франция құрамасының бұрынғы капитаны Зинедин Зиданның кенже ұлы Эльяз мансабын «Ред Стар» клубында жалғастырады.
20 жастағы орталық қорғаушы француз клубына «Бетистен» ауысты. «Ред Стар» оның трансферін 4 шілдеде ресми түрде жариялады.
Эльяз футболдағы алғашқы қадамын «Канильяс» клубында бастап, 2013 жылы «Реал» академиясына қабылданған. Кейін 2024 жылы «Бетиске» ауысып, клубтың қосалқы командасында өнер көрсетті.
Ол Францияның U17-ден U20-ға дейінгі жасөспірімдер құрамаларында ойнаған. 2022 жылы U17 Еуропа чемпионатында жеңіске жетті, ал 2025 жылы Францияның жастар құрамасымен Морис-Ревелло турнирінің чемпионы атанды.
Біздің серіктес: Sport12kz