1 сағат бұрын
Көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы әлем чемпионатында өнер көрсетті
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Көркем гимнастикадан Германияның Франкфурт қаласында ересектер арасындағы әлем чемпионатының жеке жаттығу сайыстары басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Айбота Ертайқызы іріктеу кезеңінде шығыршық сайысында 28.300 ұпай алса, доп жаттығуында 25.250 ұпайға ие болды.
Іріктеу кезеңінің жалпы қорытындысы ертең белгілі болады және әр сайыс түрінен үздік 8 спортшы финалға жолдама алады.
Еске салсақ, Ақмарал Ерекешева ересектер арасындағы әлем чемпионатында дебют жасады.
Біздің серіктес: Sport12kz