4 сағат бұрын
Ислам Чесноков Ресей Премьер-лигасына ауысуы мүмкін
Қазақстан құрамасы мен Қостанайдың «Тобыл» клубының шабуылшысы Ислам Чесноков мансабын Ресей Премьер-лигасында жалғастыруға жақын.
Ақпаратқа сүйенсек, қазақстандық футболшының трансфері бойынша «Тобыл» мен «Крылья Советов» келісімге келген. Қазір тараптар мәмілені ресми түрде рәсімдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ислам Чесноков аталмыш клубқа қысқы трансферлік кезеңде қосылуы ықтимал. Егер келісім ресми түрде бекітілсе, 25 жастағы футболшы Ресей чемпионатында алғаш рет өнер көрсетеді.
Ислам Чесноков биылғы жылдың басында Шотландияның «Хартс» клубына ауысқан. Қазақстандық вингер команда сапында 11 матч өткізіп, бір гол соқты. Сонымен қатар «Хартспен» бірге Шотландия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.
Шілде айында Чесноков Қостанайдың «Тобылына» қайта оралды. Енді футболшының мансабын Ресей чемпионатында жалғастыруы мүмкін.
Біздің серіктес: Sport12kz