5 сағат бұрын
ҚПЛ, 21-тур: «Қызылжардың» нәтижесі жойылды
Қазақстан футбол федерациясының тәртіптік комитеті Премьер-лиганың 21-туры бойынша маңызды шешім шығарды.
«Алтай Өскемен» – «Қызылжар» матчының нәтижесі жойылып, петропавлдық клубқа 0:3 есебімен техникалық жеңіліс берілді. Бұған «Қызылжар» ойыншысы Александр Нойоктың матчқа талапқа сай емес түрде қатысуы себеп болған.
Сонымен қатар «Оқжетпестің» жаттықтырушы көмекшісі Денис Мамонов «Астанаға» қарсы матчта бейәдеп әрекет көрсеткені үшін төрт матчқа шеттетілді. Ол матчтың ресми тұлғасына қарай бөтелкені әдейі тепкен. «Оқжетпеске» тәртіпсіз мінез-құлқы үшін 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
«Ақтөбе» клубы матч хаттамасына алаңға шығуына рұқсаты болмаған Мираc Уманиязовты енгізгені үшін 100 АЕК айыппұл арқалады.
Ал «Жетісу» «Ордабасымен» ойындағы екі тәртіп бұзушылық үшін жалпы 160 АЕК айыппұл төлеуге міндеттелді.
Бірінші лигада «Оңтүстік академиясы», «Елімай» және «Каспий» клубтарына 40 АЕК-тен айыппұл салынды. Екінші лигада «Қайсар» 30 АЕК айыппұл арқаласа, «Жеңіс» ойыншысы Мұхаметжан Айәділ бір матчқа дисквалификацияланды.
Біздің серіктес: Sport12kz