4 сағат бұрын
Джон ван ’т Шкип «Тобыл» – «Партизан» матчын тамашалады
Фото:ҚФФ
Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип «Тобыл» мен сербиялық «Партизан» арасындағы ойынды стадионнан тамашалады.
Нидерландтық маман бұл матчта Қазақстан құрамасына шақырылуы мүмкін футболшылардың өнерін көру үшін барды. Ол ойыншылардың қазіргі бабын бағалап, ұлттық құрамаға үміткерлерді таңдауды жалғастырып жүр.
Ван ’т Шкип Қазақстан клубтарының матчтарына тұрақты түрде қатысады. Бұған дейін ол «Жетісу» – «Ордабасы», «Астана» – «Оқжетпес» ойындарын және Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» – «Левски» матчын тамашалаған.
Айта кетейік, «Тобыл» – «Партизан» матчы УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында өтті. Аталмыш матчта “Партизан” “Тобылдан” басым түсіп, жеңіске жетті.
Біздің серіктес: Sport12kz