14 сағат бұрын
Қазақстандық клубтар еурокубокта қанша табыс тапты?
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Қазақстандық клубтар еурокубоктың үшінші іріктеуіне дейін қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазірге дейін алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасында ойын көрсетті. Алғашқы екі іріктеу кезеңінде олар Черногорияның «Сутьеска» клубынан (2:1, 2:0), Черногорияның Кипрдің «Омония» (1:0, 0:1, пенальтиден 6:5) клубтарын қапы қалдырған еді. Ал үшінші іріктеу кезеңінде алматылық ұжым Болгарияның «Левски» клубына (0:1, 0:1) жол берді.
Ал қостанайлық «Тобыл» екінші іріктеу кезеңінде Литваның «Паневежис» клубын (1:1, 1:1 пенальтиден 3:2) жеңілді.
Сондай-ақ бірінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астана» мен семейлік «Елімай» жарыс жолын аяқтады.
Командалар табысы
• «Қайрат» - 2 млрд теңге
• «Тобыл» - 483 млн теңге
• «Астана» - 175 млн теңге
• «Елімай» - 175 млн теңге.
Еске салсақ, Англияның «Челси» командасы қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаевты жалға жіберетін болды.
Біздің серіктес: Sport12kz