14 сағат бұрын
Ислам Чесноков «Крылья Советовке» қашан ауысады?
Фото: «Тобыл» футбол клубы
Қазақстандық футболшы Ислам Чесноковтың Ресейдің «Крылья Советов» командасына қашан ауысатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жартылай қорғаушы биылғы маусымды қостанайлық «Тобыл» сапында аяқтайды. Содан кейін жаңа клубына ауысады.
Ислам Чесноков биылғы жылдың басында Шотландияның «Хартс» клубына ауысқан. Қазақстандық вингер команда сапында 11 матч өткізіп, бір гол соқты. Сонымен қатар «Хартспен» бірге Шотландия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.
Шілде айында Чесноков Қостанайдың «Тобылына» қайта оралды. Енді футболшының мансабын Ресей чемпионатында жалғастыруы мүмкін.
Біздің серіктес: Sport12kz