14 сағат бұрын
Италиялық белгілі футболшы кәсіби мансабын аяқтады
Фото: chr.rbc.ru
Италиялық футболшы Чиро Иммобиле 36 жасында мансабын аяқтады. Оның соңғы клубы франциялық «Париж» командасы болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Чиро Иммобиле 1990 жылы 20 ақпанда Италияда дүниеге келген. Кәсбіи мансабында 2009 жылдан бері Италияның «Ювентус», «Сиена», «Гроссето», «Пескара», «Дженоа», «Торино», «Болонья», «Лацио», Германияның «Боруссия Дортмунд», Испанияның «Севилья», Түркияның «Бешикташ» клубтарында доп тепті.
2014-2023 жылдары Италия құрамасында ойын көрсетті.
Еске салсақ, Англияның «Челси» командасы қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаевты жалға жіберетін болды.
Біздің серіктес: Sport12kz