Матч орталығы
Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Фрайбург Фрайбург 17:00 Бүгін Кристал Пэлас Кристал Пэлас Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Челси Челси 18:00 Бүгін Реал Сосьедад Реал Сосьедад Премьер-Лига Футбол Жеңіс Жеңіс 18:00 Бүгін Жетісу Жетісу Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Бавария Бавария 18:30 Бүгін Лейпциг Лейпциг Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 19:00 Бүгін Дерби Дерби Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 19:00 Бүгін Вест Бромвич Вест Бромвич Чемпионшип Футбол Бристоль Сити Бристоль Сити 19:00 Бүгін Миллуолл Миллуолл Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Эвертон Эвертон 19:00 Бүгін Лилль Лилль Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Ньюкасл Ньюкасл 19:00 Бүгін Байер Байер Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Сандерленд Сандерленд 19:00 Бүгін Ренн Ренн Чемпионшип Футбол Сток Сток 19:00 Бүгін Суонси Суонси Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 19:00 Бүгін КПР КПР Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Тоттенхэм Тоттенхэм 19:00 Бүгін Хоффенхайм Хоффенхайм Чемпионшип Футбол Мидлсбро Мидлсбро 19:00 Бүгін Линкольн Линкольн Примейра-лига Футбол Алверка Алверка 19:30 Бүгін Эштрела Эштрела Эредивизи Футбол Виллем 2 Виллем 2 19:30 Бүгін НЕК НЕК Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед 19:45 Бүгін Милан Милан Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Фулхэм Фулхэм 20:00 Бүгін Штутгарт Штутгарт Премьер-Лига Футбол Қайсар Қайсар 20:00 Бүгін Ақтөбе Ақтөбе Сегунда Футбол Андорра Андорра 20:00 Бүгін Сеута Сеута

4 сағат бұрын

ҚФФ ҚПЛ клубтары мен ойыншыларына жаңа жазалар тағайындады

ҚФФ ҚПЛ клубтары мен ойыншыларына жаңа жазалар тағайындады

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) Бақылау, тәртіптік және әдеп комитеті ҚПЛ-дің 2026 жылғы матчтарында тіркелген тәртіп бұзушылықтарды қарады.

«Атырау» — «Ақтөбе» матчында алаң иелеріне кездесудің екі минутқа кеш басталуына байланысты ескерту жасалды. Ал «Ақтөбе» Мираc Уманиязовты рұқсатсыз ойынға шығару жағдайына байланысты 100 АЕК көлемінде айыппұл арқалады.

«Елімай» — «Ертіс» кездесуінде алаң иелері матчтың 1 минут 30 секундқа кеш басталғаны үшін ескерту алды.

«Каспий» — «Ұлытау» ойынында «Ұлытау» футболшысының формасында титулдық демеушінің шевроны болмағаны үшін 60 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Ал «Астана» — «Оқжетпес» матчынан кейін қатаң жаза қолданылды. «Оқжетпестің» жаттықтырушысының көмекшісі Денис Мамонов матчтың ресми тұлғасына қарай бөтелкені әдейі тепкені үшін төрт ойынға дисквалификацияланды. Сонымен қатар клубқа төрт футболшының ескерту алып, жаттықтырушы көмекшісінің алаңнан қуылуына байланысты 100 АЕК айыппұл салынды.

«Жетісу» — «Ордабасы» матчынан кейін «Жетісу» клубы да екі айыппұл алды. VAR бөлмесі мен трансляция бөлмесіндегі кондиционер жүйесінің талапқа сай қамтамасыз етілмеуіне байланысты 60 АЕК, ал бес футболшы ескерту алғаны үшін тағы 100 АЕК айыппұл салынды.

Барлық айыппұлдар 2026 жылғы 12 қыркүйекке дейін төленуі тиіс.



Біздің серіктес: Sport12kz