1 сағат бұрын
«Ордабасыда» басқару құрылымы өзгерді
Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының басқару құрылымында маңызды өзгерістер болды.
Клуб толықтай жекеменшік басқаруға өткен. Оның құрылтайшысы — «Integra Construction KZ» ЖШС-нің бенефициарлық иесі Шахмурат Муталип.
Жаңа басқару жүйесіне сәйкес, клубтың Директорлар кеңесі құрылды. Клуб президенті Дархан Қызайбаев енді Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады.
Ал бұған дейін вице-президент болған Жасұлан Барманқұлов «Ордабасының» жаңа президенті болып тағайындалды. Вице-президенттер Серікболсын Естемесов пен Батырбек Әширбаев Директорлар кеңесінің құрамына енді.
Директорлар кеңесі клубтың ұзақмерзімді даму бағыты мен стратегиялық шешімдерін анықтайды. Ал клуб президенті күнделікті жұмысты басқарып, құрылымдық бөлімдердің қызметін үйлестіреді.
Айта кетейік, ҚПЛ-дің 21 турында «Ордабасы» 49 ұпаймен турнир кестесін бастап тұр. Бүгін, 15 тамызда шымкенттік клуб өз алаңында «Алтайды» қабылдайды. Матч сағат 20:00-де басталады.
Біздің серіктес: Sport12kz