15 сағат бұрын
Қазақстандық жұп әлем чемпионатында тарихи күміс медаль жеңіп алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Әртістік жүзуден Қазақстан командасының өкілдері Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Аралас жұптар арасындағы еркін бағдарлама финалында отандық дуэт 248,1058 ұпай жинап, екінші орыннан көрінді. Бұл - Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы микс-дуэт санатындағы тарихи нәтижесі. Бұған дейін қазақстандық спортшылар бұл бағдарламада жүлделі орынға ие болмаған.
Арнан Санта-Крус / Санчес Агилар - 263,2992 ұпай
Алдияр Рамазанов / Ясмина Исламова - 248,1058 ұпай
Хейзо Айтака / Манами Додо - 246,9850 ұпай
Қазақстан командасы үшін бұл - әлем чемпионатындағы екінші медаль. Бұған дейін ерлер арасындағы техникалық соло бағдарламасында Виктор Друзин қола жүлдеге ие болған.
Біздің серіктес: Sport12kz