14 сағат бұрын

ҚПЛ: «Ордабасы» «Қайраттан» ұзай түсті 

ҚПЛ: «Ордабасы» «Қайраттан» ұзай түсті 

Фото: «Ордабасы» футбол клубы

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХІІ турының алғашқы ойын күні мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл турда шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында Өскеменнің «Алтайын» қабылдады.

Премьер-лиганың 22-ші турында турнир кестесінің көшбасшысы «Ордабасы» өз алаңында соңғы орында тұрған «Алтай» командасын қабылдайды. Бұл маусымдағы алғашқы жеке кездесу 0:0 есебімен аяқталған еді. Енді «Ордабасы» жеңіс серпінін жалғастырып, ал қонақтар күтпеген нәтиже көрсетуге тырысты.

Кездесу барысында шымкенттік клубтан Сергей Малый 4-минутта есеп ашса, 38-минутта Берн Йонсен басымдықты арттырды.

Ойынның 68-минутында өскемендік клубтан Ибрагим Дадаев мергендік танытса, 86-минутта Берн Йонсен пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Осылайша «Ордабасы» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, 52 ұпаймен бірінші орынға жайғасты. Олар бас жүлдеден негізгі қарсыласы - «Қайраттан» төрт ұпайға ұзап кетті. Дегенмен олардың алматылық клубтан бір ойыны артық.

Тағы бір кездесуде «Ақтөбе» сырт алаңда Қызылорданың «Қайсарын» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ 15 тамыздағы тағы екі кездесуде алматылық «Қайрат» Жезқазғанның «Ұлытауынан» 3:1, астаналық «Жеңіс» Талдықорғанның «Жетісуынан» 4:1 есебімен басым түсті.

Енді 16 тамызда тағы төрт ойын өткізіледі. Алдымен 17:00-де «Ертіс» (Павлодар) - «Тобыл» (Қостанай) кездессе, одан кейін 18:00-де «Каспий» (Ақтау) - «Елімай» (Семей),19:00-де «Қызылжар» (Петропавл) - «Астана», 20:00-де «Атырау» (Петропавл) - «Оқжетпес» (Көкшетау) жасыл алаңға шығады.


Біздің серіктес: Sport12kz