3 сағат бұрын
«Арсенал» – «Манчестер Сити»: Англия Суперкубогы сарапқа салынады
Англияда жаңа маусым алғашқы жүлде үшін таласпен басталады. Бүгін Англия Суперкубогының финалында «Арсенал» мен «Манчестер Сити» кездеседі.
Матч Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Бұл командалар бұған дейін Суперкубокта үш рет кездескен. Үш ойында да «Арсенал» жеңіске жетті. 1934 жылы лондондықтар 4:0 есебімен басым түссе, 2014 жылы 3:0 есебімен жеңді. Ал 2023 жылы негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, «Арсенал» пенальти сериясында 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Енді командалар тағы бір жүлде үшін алаңға шығады.
Біздің серіктес: Sport12kz