2 сағат бұрын

Мика Годтс «ПСЖ» ойыншысы атанды

Мика Годтс «ПСЖ» ойыншысы атанды

«Пари Сен-Жермен» Мика Годтстың трансферін ресми түрде жариялады.

21 жастағы бельгиялық вингер Париж клубымен 2031 жылға дейін келісімшартқа қол қойды. «ПСЖ» футболшы үшін «Аяксқа» 55 млн еуро төледі.

Годтс 2023 жылдан бері «Аякс» сапында өнер көрсетті. Өткен маусымда ол Нидерланд чемпионатында 17 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген.

Осылайша бельгиялық футболшы мансабын Франция чемпионатында жалғастырады.


Біздің серіктес: Sport12kz