5 сағат бұрын
Дастан Сәтпаев Англия чемпионшиптегі ойыны кейінге қалдырылды
Фото: «Бёрнли» ФК баспасөз қызметі
Қазақстандық 18-жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев чемпионшипте ойнайтын Англияның «Бернли» сапындағы тұсаукесер ойыны кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бүгін англиялық клуб бірінші турда лондондық «Вест Хэм» клубымен шеберлік байқасады. Бапкерлер шешімімен оған қатысатын футболшылар тізіміне Дастан Сәтпаев енгізілген жоқ.
Дастан Сәтпаевтың «Челсиге» ауысатыны 2025 жылдың ақпанында жарияланған еді. Қазақстандық шабуылшы ағылшын клубымен 2033 жылға дейін келісім жасаған. Transfermarkt дерегіне сәйкес, трансфер құны 2,4 млн еуроны құрады.
Футболшы шілде айында жаңа командасының жаттығуларына қосылып, маусым алдындағы бірнеше матчта алаңға шықты. Сол ойындардың бірінде Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты.
Оның трансферін бұған дейін толық рәсімдеуге футболшының кәмелетке толмағаны кедергі болған.
Енді Дастан Сәтпаев 18 жасқа толып, «Челси» сапында ресми ойындарға қатыса алады.
Қазақстандық шабуылшының жаңа маусымды қай клубта өткізетіні әзірге белгісіз.
Біздің серіктес: Sport12kz