6 сағат бұрын

Қазақстан жасөспірімдері әлем чемпионатында төрт медаль жеңіп алды

Қазақстан жасөспірімдері әлем чемпионатында төрт медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Будапеште (Венгрия) өткен көркем жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында төрт медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшылардың қоржынында 2 күміс және 2 қола медаль бар. Бұл нәтиже ел құрамасына жалпы командалық медальдар кестесінде төртінші орын алуға мүмкіндік берді.

Бірінші орынды Ресей иеленді — 9 алтын және 1 қола. Екінші орында Испания (2 алтын, 4 күміс, 4 қола), ал үшінші орында Қытай (5 күміс, 2 қола) тұр.

Әлем чемпионатында Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова еркін бағдарламада күміс медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасы акробатикалық бағдарламада да күміс жүлдеге ие болды. Ал Виктор Друзин техникалық және еркін бағдарламаларда екі рет қола медаль иеленді.



Біздің серіктес: Sport12kz