2 сағат бұрын

Әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатында 19 команда бақ сынайды

Әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатында 19 команда бақ сынайды

Қазақстан әйелдер футболының жаңа маусымы тартысты өтпек. Себебі биыл ел чемпионатына 19 команда қатысады. Олар екі конференцияға бөлінген.

А конференциясында тоғыз клуб болса, В конференциясында он команда өнер көрсетеді. Бірінші кезеңде клубтар өз конференциялары аясында екі айналым бойынша кездеседі. Маусым қорытындысында екі конференцияның үздік екі командасы плей-офф кезеңіне шығып, жартылай финал мен финалда чемпиондық атақты сарапқа салады.

Бүгін, 17 тамызда чемпионаттың кезекті ойындары өтеді.

В конференциясы:

16:00 – «Алтай» (Өскемен) – «Тобыл» (Қостанай)

18:00 – «Қызылжар» (Петропавл) – «Оқжетпес» (Көкшетау)

19:00 – «Жеңіс» (Астана) – «Ақтөбе»

А конференциясы:

16:00 – «Атырау» – «Жетісу» (Талдықорған)

17:00 – «Ордабасы» (Шымкент) – «Қайрат» (Алматы)

19:00 – «Қайсар» (Қызылорда) – «Каспий» (Ақтау)

Матчтар 18 тамызда да жалғасады. Бұл күні В конференциясында «Елімай» – «Астана» және «Шахтер» – «Ертіс» ойындары өтсе, А конференциясында «Томирис-Тұран» мен «Ұлытау» кездеседі.

Жаңа маусымда чемпиондыққа негізгі үміткерлер қатарында былтырғы чемпион «Ақтөбе», сондай-ақ БИІК пен «Томирис-Тұран» аталады. Өткен жылы «Ақтөбе» әйелдер футболы тарихында алғаш рет ел чемпионы атанған.

Ал бұған дейін БИІК клубы әйелдер чемпионатында қатарынан 13-рет жеңіске жеткен еді.


Біздің серіктес: Sport12kz