2 сағат бұрын

«Бернли» Сәтпаевтың позициясына 19 жастағы ойыншы алуы мүмкін

«Бернли» Сәтпаевтың позициясына 19 жастағы ойыншы алуы мүмкін

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жалға алынған ағылшындық «Бернли» клубы Польшаның «Заглембе» командасында өнер көрсететін 19 жастағы вингер Марсель Регулаға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Sport12.kz Meczyki басылымына сілтеме жасап.

Польшалық басылымның мәліметінше, жас футболшыға трансфер нарығында сұраныс жоғары. «Заглембе» Регуланы сату арқылы клуб тарихындағы жаңа трансферлік рекорд орнатуды көздейді.

Қазіргі уақытта клуб тарихындағы ең қымбат сатылған футболшы — Бартош Бялек. Оның трансферінен «Заглембе» бес миллион еуро табыс тапқан. Ал Марсель Регуланың бағасы шамамен 7-8 миллион еуроға бағалануы мүмкін.

19 жастағы ойыншыға «Бернлиден» бөлек Германияның «Кёльн», Сауд Арабиясының «Әл-Кадисия» клубтары, сондай-ақ Түркия мен Дания командалары қызығушылық танытып отыр.

Алайда әзірге «Заглембеге» Регула бойынша ресми ұсыныс түспеген.

Егер поляк футболшысы «Бернлиге» ауысса, ол команданың шабуыл шебіндегі орын үшін Дастан Сәтпаевтың тағы бір бәсекелесіне айналуы мүмкін.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев 14 тамызда ресми түрде «Челси» футболшысы атанып, артынша 2026/27 маусымына «Бернлиге» жалға берілді.


Біздің серіктес: Sport12kz