7 сағат бұрын

Дастан Сәтпаевтың EA FC 27 ойынындағы рейтингі белгілі болды

Дастан Сәтпаевтың EA FC 27 ойынындағы рейтингі белгілі болды

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың EA FC 27 футбол симуляторындағы көрсеткіштері жарияланды, деп хабарлайды Sport12.kz Cmtrackernet дерегіне сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, 18 жастағы футболшының ойындағы бастапқы жалпы рейтингі 63 баллды құрайды. Ал оның даму әлеуеті 81 баллға бағаланған.

Сәтпаев EA FC 27 ойынындағы Career Mode режимінде қолжетімді болады. Оның негізгі позициясы — орталық шабуылшы (ST).

Ойында қазақстандық футболшы лондондық «Челсидің» ойыншысы ретінде көрсетіледі.

Айта кетейік, Сәтпаев осы жазда «Челси» қатарына қосылды. Ол ағылшын клубының маусым алдындағы төрт кездесуіне қатысып, бір гол соқты.

18 жасқа толғаннан кейін қазақстандық шабуылшы «Челсимен» 2033 жылға дейін келісімшартқа қол қойып, кейін Чемпионшипте өнер көрсететін «Бернли» клубына жалға берілді.

EA FC 27 ойынының жарыққа шығуы қыркүйек айының соңына жоспарланған.


Біздің серіктес: Sport12kz