4 сағат бұрын
«Аль-Наср» Криштиану Роналдуға қатысты шешім қабылдады
Саудиялық «Аль-Наср» клубының капитаны Криштиану Роналду командасының қатарынан екінші матчын өткізіп алады.
Al Nassr Zone мәліметінше, португалиялық шабуылшы 18 тамызда өтетін Сауд Арабиясы Чемпиондар кубогінің «Аль-Дирияға» қарсы кездесуіне қатыспайды.
Бұған дейін 41 жастағы Роналду Сауд Арабиясы Про-лигасының бірінші турында «Аль-Фатехке» қарсы (3:0) ойында алаңға шықпаған. Дегенмен матч алдында ол киім ауыстыратын бөлмеде командаластарына мотивация берген.
Өткен маусымда Роналду «Аль-Наср» сапында барлық турнирде 37 матч өткізіп, 30 гол соқты және үш нәтижелі пас жасады.
Біздің серіктес: Sport12kz