3 сағат бұрын

«Ахмат» Ресей кубогінде «Факелмен» кездеседі

«Ахмат» Ресей кубогінде «Факелмен» кездеседі

18 тамыз, сейсенбі күні Грозныйдың «Ахматы» Ресей кубогінің топтық кезеңіндегі екінші турда Воронеждің «Факелін» қабылдайды.

«Ахмат» — «Факел» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.

Кубоктағы алғашқы турда «Ахмат» «Краснодардан» пенальти сериясында 4:5 есебімен жеңілді. Ал «Факел» мәскеулік «Динамодан» 0:1 есебімен ұтылды.

Айта кетейік, «Ахмат» сапында Қазақстан құрамасының ойыншылары — жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек пен шабуылшы Максим Самородов өнер көрсетеді. 2026/27 маусымында Кенжебек әзірге нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ, ал Самородов бір гол соқты.



Біздің серіктес: Sport12kz