3 күн бұрын
«Ертіс» бас бапкерімен келісімшартты тоқтатты
Павлодардың «Ертіс» футбол клубы бас бапкер Марат Еслямовпен келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға келісті.
Бұл туралы инсайдер Елдар Аманбаев хабарлады.
«Павлодардың “Ертісі” мен Марат Еслямов келісімшартты тоқтату жөнінде ортақ шешімге келді. Мендегі ақпарат бойынша клуб басшылығы жаңа бас бапкерді анықтап қойған. Ол командадағы жұмысына 21 тамызда кіріседі», – деп жазды Елдар Аманбаев Telegram-арнасында.
48 жастағы маман «Ертіс» тізгінін 1 шілдеде қолға алған еді. Оның жетекшілігімен павлодарлық клуб Премьер-лигада алты ойын өткізіп, екі рет жеңіске жетті. Бір кездесуде тең түсіп, үш ойында жеңілді.
Қазір «Ертіс» 22 турдан кейін турнир кестесінің соңында келеді. Клуб жаңа бас бапкердің есімін әзірге ресми түрде жариялаған жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz