5 сағат бұрын
«Ертістің» жаңа бас бапкері анықталды
Павлодарлық «Ертіс» клубы жаңа бас бапкермен келісімге келді. Команданы Ерлан Шойтымов басқарады деп хабарлайды AmanVIBE.
Шойтымов сәуір айында Ақтаудың «Каспий» клубын қабылдап, команданы турнир кестесінің төменгі бөлігінен алып шыққан. Енді маманға «Ертіспен» де осындай міндет қойылмақ.
Ақпаратқа сәйкес, Шойтымов бүгін, 19 тамызда «Каспий» футболшыларымен қоштасады.
Маман бұған дейін «Жетісай» клубында да жұмыс істеген. Оның жетекшілігімен команда 2024 жылғы Бірінші лигада жетінші, ал 2025 жылғы маусымда бесінші орын алған.
Шойтымов футболшы ретінде 1999 жылы Қызылорданың «Қайсар» клубымен Қазақстан кубогін жеңіп алған. Ол «Қайсар» сапында 101 матч өткізіп, төрт гол соққан. Сондай-ақ «Ақтөбе» клубында 82 ойын өткізіп, төрт гол авторы атанған.
Біздің серіктес: Sport12kz