4 сағат бұрын
Ламин Ямаль Golden Boy-2026 жүлдесінің фавориті мәртебесінен айырылды
«Барселона» мен Испания құрамасының қорғаушысы Пау Кубарси Tuttosport басылымы ұйымдастыратын Golden Boy-2026 жүлдесіне үміткерлердің жаңартылған рейтингінде бірінші орынға шықты.
Қоғамдық дауыс беру қорытындысы бойынша Кубарси өзінің отандасы әрі клубтағы әріптесі Ламин Ямальдан озып, көш бастады. Үздік үштікті биыл жазда мадридтік «Реалға» ауысқан піл сүйегі жағалаулық Ян Диоманде түйіндеді.
Айта кетейік, Ламин Ямаль 2024 жылы Golden Boy жүлдесін жеңіп алған. Ұйымдастырушылардың ережесіне сәйкес, ол бұл марапатты қайта ала алмайды. Қазіргі жүлде иегері — «ПСЖ» шабуылшысы Дезире Дуэ. 2026 жылғы жеңімпаз қазан айында анықталады.
Golden Boy-2026 үміткерлерінің алғашқы ондығы:
- Пау Кубарси — Испания, «Барселона»
- Ламин Ямаль — Испания, «Барселона»
- Ян Диоманде — Кот-д’Ивуар, «Реал»
- Уоррен Заир-Эмери — Франция, «Пари Сен-Жермен»
- Айюб Буадди — Марокко, «Лилль»
- Виктор Фрохольдт — Дания, «Порту»
- Райан — Бразилия, «Борнмут»
- Эндрик — Бразилия, «Реал»
- Эли Жуниор Крупи — Франция, «Борнмут»
- Эстевао Виллиан — Бразилия, «Челси»
Біздің серіктес: Sport12kz