3 сағат бұрын
«Барселона» алғаш рет Африка клубымен Жоан Гампер кубогін сарапқа салады
Бүгін, 19 тамызда «Камп Ноу» стадионында Жоан Гампер кубогі үшін дәстүрлі матч өтеді. Каталониялық «Барселона» бұл жолы Мысырдың «Аль-Ахли» клубымен кездеседі.
Матч Қазақстан уақытымен 23:00-де басталады.
«Барселона» аталған трофейді тарихында 47 рет жеңіп алған. Ал «Аль-Ахли» үшін бұл ерекше тарихи мүмкіндік болмақ.
1966 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Жоан Гампер кубогі тарихында алғаш рет Африка және араб футболының өкілі жүлде үшін таласады. Бұған дейін турнирге Еуропа, Оңтүстік Америка және Солтүстік Америка конфедерацияларынан клубтар ғана қатысып келген.
«Барселона» — «Аль-Ахли» кездесуі екі команда үшін де маусым алдындағы маңызды сынақтардың бірі болмақ.
Біздің серіктес: Sport12kz