2 сағат бұрын
«Қайрат» Алматыда «Андерлехтті» қабылдайды
20 тамызда Алматыда Еуропа лигасының плей-офф кезеңі аясындағы алғашқы матч өтеді. Қазақстандық «Қайрат» өз алаңында Бельгияның «Андерлехт» клубын қабылдайды.
Ойын Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады.
«Қайрат» еурокубоктағы маусымын Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен бастады. Алғашқы раундта алматылықтар Черногорияның «Сутьескасын» екі матч қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңді. Екінші кезеңде Кипрдің «Омониясын» пенальти сериясында 6:5 есебімен ұтты. Үшінші раундта болгариялық «Левскиден» 0:2 есебімен жеңіліп, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Ал «Андерлехт» Еуропа лигасының іріктеуінде Швецияның «Хаммарбю» (4:2) және Грекияның ПАОК (4:2) командаларын жеңіп, плей-оффқа шықты.
Біздің серіктес: Sport12kz