9 сағат бұрын
Азамат Тұяқбаев ұлттық құрамаға шақырылды: Ұлттар лигасына қатысатын футболшылар анықталды
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип УЕФА Ұлттар лигасының алғашқы матчтарына шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.
Кеңейтілген құрамға 41 футболшы енді. Олардың қатарында Қазақстан чемпионатында өнер көрсетіп жүрген ойыншылармен бірге шетелдік клубтардың өкілдері де бар.
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан).
Қорғаушылар: Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де – «Астана»), Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Темірлан Ерланов, Талғат Құсяпов (екеуі де – «Ақтөбе»), Александр Широбоков, Дамир Қасабулат, Александр Мрынский, Еркін Тапалов (бәрі – «Қайрат»), Сағадат Тұрсынбай («Жеңіс»), Владислав Васильев («Оқжетпес»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Сағи Совет («Қайсар»), Арсен Әшірбек («Елімай»).
Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан, Станислав Басманов («Астана»), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай (екеуі де – «Елімай»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Жасұлан Әмір, Эльхан Астанов, Әбінұр Нұрымбет (бәрі – «Ордабасы»).
Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев («Бёрнли», Англия), Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев («Қайрат»), Акмаль Бақтияров («Елімай»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Оралхан Өміртаев («Оқжетпес»), Максим Самородов, Ғалымжан Кенжебек (екеуі де – «Ахмат», Ресей).
Ұлттық құраманың соңғы тізімі осы кеңейтілген құрам негізінде жасақталады.
Біздің серіктес: Sport12kz