7 сағат бұрын
Француз футболшысы Поль Погба клубсыз қалды
Франция құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Поль Погба «Монако» клубынан ресми түрде кетті. Тараптар 2027 жылдың маусымына дейін жарамды келісімшартты өзара келісім бойынша мерзімінен бұрын тоқтатты.
Клубтың ресми мәлімдемесіне сәйкес, тараптар бастапқыда қойылған мақсаттарға толық қол жеткізілмеген соң, жаңа маусымдағы алғашқы ресми матч қарсаңында ынтымақтастықты аяқтау туралы ортақ шешім қабылдаған.
«Монако» 2018 жылғы әлем чемпионына кәсібилігі мен командаға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тіледі.
Погба да клуб басшылығына, командаластарына, бапкерлер штабына және жанкүйерлерге алғысын білдірді. Француз футболшысы «Монако» сапында өнер көрсетуді өзі үшін ерекше тәжірибе болғанын атап өтті.
Айта кетейік, Погба «Монакода» небәрі алты матч өткізді. 33 жастағы футболшы «Монакоға» 2025 жылдың жазында ауысып, екі жылдық келісімшартқа қол қойған еді. Алайда оның клубтағы кезеңі күткендегідей ұзаққа созылмады.
Погба команда сапында барлық турнирде небәрі алты матч өткізіп, алаңда 115 минут болған. Түрлі жарақаттар оның тұрақты түрде ойнауына кедергі келтірді.
Осылайша, Погба «Монакодан» бір маусым аяқталмай жатып кетіп, қазіргі таңда еркін агент атанды. Енді француз футболшысы мансабын қай клубта жалғастыратыны әзірге белгісіз.
Біздің серіктес: Sport12kz