Матч орталығы
Еуропа лигасы Футбол Қайрат Қайрат 20:00 Бүгін Андерлехт Андерлехт Еуропа лигасы Футбол Мьельбю Мьельбю 21:00 Бүгін Зальцбург Зальцбург Конференциялар лигасы Футбол Интер Интер 21:00 Бүгін Копенгаген Копенгаген Еуропа лигасы Футбол Эгнатия Эгнатия 22:00 Бүгін Лиллестрем Лиллестрем Еуропа лигасы Футбол Лех Лех 22:00 Бүгін Тун Тун Еуропа лигасы Футбол Крайова Крайова 22:00 Бүгін Арарат Арарат Еуропа лигасы Футбол Бешикташ Бешикташ 22:00 Бүгін Кауно Кауно Еуропа лигасы Футбол Трабзонспор Трабзонспор 22:00 Бүгін Ференцварош Ференцварош Конференциялар лигасы Футбол Клаксвик Клаксвик 22:00 Бүгін Рига Рига Конференциялар лигасы Футбол Нордшелланд Нордшелланд 22:00 Бүгін Санкт Галлен Санкт Галлен Конференциялар лигасы Футбол Тромсе Тромсе 22:00 Бүгін Брайтон Брайтон Конференциялар лигасы Футбол Мидтьюлланд Мидтьюлланд 22:00 Бүгін Риека Риека Конференциялар лигасы Футбол ПАОК ПАОК 22:45 Бүгін Бранн Бранн Еуропа лигасы Футбол Црвена Звезда Црвена Звезда 23:00 Бүгін Виктория Виктория Еуропа лигасы Футбол ОФИ ОФИ 23:00 Бүгін ЦСКА София ЦСКА София Еуропа лигасы Футбол Сент Труйден Сент Труйден 23:00 Бүгін Омония Омония Конференциялар лигасы Футбол Викингур Викингур 23:00 Бүгін Борац Борац Конференциялар лигасы Футбол Гурник Гурник 23:00 Бүгін Монако Монако Конференциялар лигасы Футбол Твенте Твенте 23:00 Бүгін Қарабақ Қарабақ Конференциялар лигасы Футбол Дрита Дрита 23:00 Бүгін Интер Эскальдес Интер Эскальдес

2 сағат бұрын

Қазақстан кубогының финалында «Қайсар» мен «Ордабасы» өзара мықтыны анықтайды

Қазақстан кубогының финалында «Қайсар» мен «Ордабасы» өзара мықтыны анықтайды

Қазақстан кубогының финалында «Қайсар» мен «Ордабасы» өзара мықтыны анықтайды. Екі клуб та жартылай финалдағы қарымта ойыннан кейін шешуші кезеңге өтті.

Қызылордалық команда елордалық «Жеңіспен» кездескен. Қарымта матчта астаналықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Алайда екі ойынның жалпы нәтижесі бойынша «Қайсар» финалға шықты.

«Жеңіс» кездесуді сәтті бастап, алғашқы таймда екі доп айырмасымен алға шықты. 18-минутта Жиан Мартинс есеп ашса, араға бірнеше минут салып Андрия Филипович екінші голды соқты. Алайда 27-минутта Зураб Тевзадзе қызыл қағаз алып, елордалық команда алаңда он ойыншымен қалды.

Екінші таймда «Қайсар» есеп айырмасын қысқартты. Кабрал Эваристо гол соқса, кейін Филипович айып добын дәл орындап, дубль жасады. Кездесудің соңғы минутында Рамазан Бағдат қызылордалықтардың екінші голын енгізді.

Осылайша, «Жеңіс» 3:2 есебімен жеңгенімен, алғашқы ойындағы нәтижеге байланысты келесі кезеңге «Қайсар» өтті.

Екінші жартылай финалда «Ордабасы» мен «Алтай» кездесті. Қарымта ойынның 3-минутында Дарко Додев «Алтайды» алға шығарды. Алайда шымкенттіктер көп ұзамай таразы басын теңестірді. Берн Йонсен есепті 1:1-ге жеткізсе, Жасұлан Әмір бірінші тайм аяқталмай жатып «Ордабасыны» алға шығарды.

Екінші таймда қос команда да есепті өзгерте алмады. Нәтижесінде «Ордабасы» 2:1 есебімен жеңіске жетіп, екі ойынның қорытындысы бойынша финалға жолдама алды.

Осылайша, Қазақстан кубогының биылғы финалында «Қайсар» мен «Ордабасы» бас жүлде үшін таласады.


Біздің серіктес: Sport12kz