1 сағат бұрын
Эзри Конса «Арсенал» сапын толықтырмақ
«Арсенал» мен «Астон Вилла» Эзри Консаның трансфері бойынша келісімге келді. Бұл туралы белгілі инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.
Лондондық клуб 28 жастағы қорғаушы үшін 50 млн фунт төлейді. Сонымен қатар мәміледе бонустық төлемдер қарастырылған.
Конса жаңа командасына ауысу үшін алдағы 48 сағат ішінде медициналық тексеруден өтеді. Барлығы сәтті болса, Англия құрамасының қорғаушысы «Арсеналмен» келісімшартқа қол қояды.
Конса өткен маусымда «Астон Вилла» сапында барлық турнирде 48 матч өткізіп, екі гол соқты. Ал 2026 жылғы әлем чемпионатында Англия құрамасының жейдесімен сегіз ойынға қатысып, бір голдың авторы атанды.
28 жастағы футболшы «Астон Виллада» 2019 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт аралығында ол команданың негізгі қорғаушыларының біріне айналды. Конса орталық қорғаушы ретінде өнер көрсеткенімен, оң қапталда да ойнай алады.
Егер медициналық тексерістен кедергісіз өтсе, Конса мансабын кейін «Арсенал» сапында жалғастырады.
Біздің серіктес: Sport12kz