2 сағат бұрын
Жуан Канселу «Барселона» командасының ойыншысы атанды
Фото Global Look Press
Жуан Канселу Испанияның «Барселона» командасының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Португалиялық футболшы алдағы үш жылда каталондық клуб сапында доп тебеді. Ол бүгін «Барселона» клубымен үш жылдық келісімшартқа қол қойды.
2012 жылдан бері ол Португалия, Испания, Италия, Англия, Германия, Сауд Арабиясы клубтарында доп тепті.
2016 жылдан бері Португалия құрамасының намысын қорғап келеді.
Біздің серіктес: Sport12kz