3 сағат бұрын
«Каспийде» күтпеген өзгеріс: клуб директоры мен бас бапкері қызметтен кетті
Ақтаудың «Каспий» футбол клубында қатарынан екі кадрлық өзгеріс орын алды. Клуб директоры Нұртас Кургүлин қызметінен кетсе, команданың бас бапкері Ерлан Шойтымов Павлодардың «Ертісіне» ауысты.
Нұртас Кургүлин директорлық қызметтен өз еркімен кеткен. Ал Ерлан Шойтымов жаңа маусымын «Ертіс» сапында жалғастыратын болды.
«Каспийдегі» өзгерістердің алдын ала дайындалғаны туралы да болжам бар. Кургүлин команда «Елімаймен» кездескен матчта болмаған. Сондай-ақ 19 тамызда Ақтауда жаңа стадион құрылысы басталатын аумақта өткен уақыт капсуласын салу рәсіміне клуб директоры да, бас бапкер де қатыспады.
Енді «Каспийдің» жаңа директоры мен бас бапкері кім болатыны әзірге белгісіз.
Біздің серіктес: Sport12kz