3 сағат бұрын
Қазақстандық балуан әлем чемпионатында ширек финалда сүрінді
Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрасыл Асамбек Братиславада өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Түркістан облысының өкілі жарысты сәтті бастап, алғашқы екі белдесуінде жеңіске жетті. Алдымен украиналық Аббас Хусейновты 4:2 есебімен ұтса, кейін франциялық Гаспар Шенуді 11:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді.
Ширек финалда Нұрасыл Асамбек америкалық Иса Майкл Кортеспен белдесті. Бұл жолы АҚШ балуаны 6:0 есебімен басым түсіп, қазақстандық спортшының жартылай финалға шығуына мүмкіндік бермеді.
Дегенмен Нұрасыл Асамбектің жүлдеге таласу мүмкіндігі әлі бар. Ол үшін Иса Майкл Кортес финалға дейін жетуі керек. Мұндай жағдайда қазақстандық балуан жұбаныш белдесулеріне қатысып, қола медаль үшін күресе алады.
Айта кетейік, Нұрасыл Асамбек бұған дейін 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлде иеленген.
Біздің серіктес: Sport12kz