Матч орталығы
Бірінші лига Футбол Тұран Тұран 0:3 90+1 Қайрат Ж Қайрат Ж Жолдастық кездесулер, клубтар Хоккей Ред Булл Ред Булл 22:30 Бүгін Зальцбург Зальцбург Премьер-Лига Футбол Сараево Сараево 23:00 Бүгін БСК Баня-Лука БСК Баня-Лука Про-Лига Футбол Аль-Кадисия Аль-Кадисия 23:00 Бүгін Аль Иттихад Аль Иттихад Серия Б Футбол Виченца Виченца 23:30 Бүгін Катанзаро Катанзаро Бірінші лига Футбол Фатих Карагюмрюк Фатих Карагюмрюк 23:30 Бүгін Бурсаспор Бурсаспор Суперлига Футбол Эрзурумспор Эрзурумспор 23:30 Бүгін Галатасарай Галатасарай Лига 1 Футбол Марсель Марсель 23:45 Бүгін Страсбур Страсбур Ла Лига Футбол Бетис Бетис 00:00 Ертең Реал Сосьедад Реал Сосьедад Премьер-лига Футбол Ипсвич Ипсвич 19:00 Ертең Сандерленд Сандерленд Премьер-лига Футбол Ноттингем Форест Ноттингем Форест 19:00 Ертең Лидс Лидс Чемпионшип Футбол Вест Хэм Вест Хэм 19:00 Ертең Чарльтон Чарльтон Премьер-лига Футбол Эвертон Эвертон 19:00 Ертең Кристал Пэлас Кристал Пэлас Ла Лига Футбол Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао 20:00 Ертең Севилья Севилья Премьер-лига Футбол Брентфорд Брентфорд 21:30 Ертең Тоттенхэм Тоттенхэм Ла Лига Футбол Валенсия Валенсия 22:30 Ертең Сельта Сельта Бірінші лига Футбол Левски Левски 23:15 Ертең Спартак Варна Спартак Варна Суперкубок Германии Футбол Боруссия Боруссия 23:30 Ертең Бавария Бавария Суперлига Футбол Цюрих Цюрих 23:30 Ертең Базель Базель Лига 1 Футбол Ле Ман Ле Ман 23:45 Ертең Брест Брест

2 сағат бұрын

UEFA және CONCACAF Ұлттар лигасы жобасын біріктіруді жоспарлап отыр

UEFA және CONCACAF Ұлттар лигасы жобасын біріктіруді жоспарлап отыр

Фото: UEFA.com

Еуропа және Солтүстік Америка футбол конфедерациялары Ұлттар лигасын біріктіру жобасын талқылап жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде The Guardian басылымы мәлім етті.

Жаңа жарысқа UEFA және CONCACAF құрамындағы барлық 96 құрама қатысады деп жоспарланып отыр. Олардың 55-і Еуропа, 41-і Солтүстік Америка құрлығында орналасқан.

Ұлттық құрамалар рейтинг негізінде бірнеше дивизионға бөлінеді. Жоғары дивизионда Испания, Франция, Англия, АҚШ, Мексика, Канада секілді Еуропа мен Солтүстік Америка құрлықтарының жетекшілері құрамалары сынға түседі деп жоспарланып отыр.

Мамандар Қазақстан ұлттық құрамасының рейтингтегі жағдайы бойынша төменгі дивизионда сынға түсуі мүмкін екенін айтады.

Бұл ретте жаңа формат командаға Еуропа мен Солтүстік Америкадағы салыстырмалы деңгейдегі қарсыластарымен тұрақты ресми матчтар өткізуге мүмкіндік береді. Топтық кезеңдегі ойындарды халықаралық деңгейдегі кездесулер жоспарланған қыркүйек, қазан, қараша айларында өткізу жоспарланған. Жарыстың плей-офф сатысы наурыз айына белгіленсе, төрт құраманың қатысуымен финалдық сатысы маусым айында болады.

Ұлттар лигасының біріктірілген жобасы 2028 жылғы Еуропа чемпионатынан кейін басталуы мүмкін. Турнир екі жылда бір мәрте өткізілмек.

Қазір жоба талқыланду үстінде. Сондықтан жарысты өткізудің соңғы форматы мен болатын уақыты өзгеріске ұшырауы ықтимал.

Еске салсақ, «Интер Майами» капитаны Лионель Месси MLS чемпионатындағы «Филадельфия Юнионға» қарсы матчта қарсылас ойыншы Куинн Салливанды шапалақпен ұрды.


Біздің серіктес: Sport12kz