5 сағат бұрын
«Қайраттың» Премьер-лигадағы матчтар кестесі өзгерді
Фото: «Қайрат» футбол клубы
«Қайрат» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасындағы матчтар кестесі өзгергенін мәлім етті, деп хабарлайды Sport12.kz.
24-турдың «Елімай» — «Қайрат» матчы 30 тамыздан 31 тамызға ауыстырылды. Кездесу Семейдегі «Спартак» стадионында сағат 19:00-де өтеді.
21-турдың кейінге қалдырылған «Қайрат» — «Жеңіс» матчы 9 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойын сағат 19:00-де басталады.
26-турдың «Қайрат» — «Тобыл» матчы 12 қыркүйектен 13 қыркүйекке ауыстырылды. Кездесу Орталық стадионда сағат 19:00-де болады.
Еске салсақ, биыл «Ертіс» футбол клубында үшінші бас бапкер қызметінен кетті.
Біздің серіктес: Sport12kz