Матч орталығы
Бірінші лига Футбол Тұран Тұран 0:4 Аяқталды Қайрат Ж Қайрат Ж Жолдастық кездесулер, клубтар Хоккей Ред Булл Ред Булл 0:1 Қос. уақытта Зальцбург Зальцбург Премьер-Лига Футбол Сараево Сараево 1:0 Аяқталды БСК Баня-Лука БСК Баня-Лука Про-Лига Футбол Аль-Кадисия Аль-Кадисия 0:1 Аяқталды Аль Иттихад Аль Иттихад Серия Б Футбол Виченца Виченца 3:2 Аяқталды Катанзаро Катанзаро Бірінші лига Футбол Фатих Карагюмрюк Фатих Карагюмрюк 2:1 Аяқталды Бурсаспор Бурсаспор Суперлига Футбол Эрзурумспор Эрзурумспор 0:4 Аяқталды Галатасарай Галатасарай Лига 1 Футбол Марсель Марсель 4:0 Аяқталды Страсбур Страсбур Ла Лига Футбол Бетис Бетис 1:0 Аяқталды Реал Сосьедад Реал Сосьедад Премьер-лига Футбол Ипсвич Ипсвич 19:00 Бүгін Сандерленд Сандерленд Премьер-лига Футбол Ноттингем Форест Ноттингем Форест 19:00 Бүгін Лидс Лидс Чемпионшип Футбол Вест Хэм Вест Хэм 19:00 Бүгін Чарльтон Чарльтон Премьер-лига Футбол Эвертон Эвертон 19:00 Бүгін Кристал Пэлас Кристал Пэлас Ла Лига Футбол Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао 20:00 Бүгін Севилья Севилья Премьер-лига Футбол Брентфорд Брентфорд 21:30 Бүгін Тоттенхэм Тоттенхэм Ла Лига Футбол Валенсия Валенсия 22:30 Бүгін Сельта Сельта Бірінші лига Футбол Левски Левски 23:15 Бүгін Спартак Варна Спартак Варна Суперкубок Германии Футбол Боруссия Боруссия 23:30 Бүгін Бавария Бавария Суперлига Футбол Цюрих Цюрих 23:30 Бүгін Базель Базель Лига 1 Футбол Ле Ман Ле Ман 23:45 Бүгін Брест Брест

3 сағат бұрын

FIFA Қазақстанда балалар футболын дамытуға 250 000 АҚШ доллар бөледі

FIFA Қазақстанда балалар футболын дамытуға 250 000 АҚШ доллар бөледі

Фото: Галина Скрипник/Kazinform

FIFA Қазақстан футбол федерациясының 2026 жылға арналған FIFA Talent Development Scheme бағдарламасы аясындағы жобалық өтінімін ресми түрде мақұлдады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Балалар-жасөспірімдер футболын дамытуға және мамандарды даярлауға бағытталған негізгі бастамаларды жүзеге асыру үшін FIFA 250 000 АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлді.

Бөлінген грант футболды дамытудың негізгі бағыттарына жұмсалады. Оның ішінде 125 000 доллар әлеуеті жоғары жас ойыншыларды іздеу және іріктеуге бағытталған «Болашақ чемпиондар» ауқымды жобасына бөлінеді. Бапкерлер мен скауттарға арналған оқыту семинарларын ұйымдастыруға 50 000 доллар қарастырылған. Тағы 50 000 доллар бағдарламаны басқаруға байланысты операциялық шығындарды (FIFA Operations Project) жабуға бағытталады. Сонымен қатар 25 000 доллар балаларды қорғау стандарттарын енгізуге және бағдарлама қатысушыларына психологиялық қолдау көрсетуге жұмсалады.

Арсен Венгер басқаратын FIFA-ның футболды жаһандық дамыту жөніндегі тобы Қазақстандағы футбол резервін даярлау сапасын арттыруға бағытталған ҚФФ жобаларының жоғары деңгейде әзірленгенін атап өтті.

FIFA Talent Development Scheme бағдарламасы ұлттық қауымдастықтарға бүкіл әлем бойынша жас футбол таланттарын іздеу, дамыту және қолдау бағыттарында жан-жақты көмек көрсету мақсатында құрылған.







Біздің серіктес: Sport12kz