6 сағат бұрын
Қуанбек Бақгелді өзбекстандық қарсыласынан басым түсті
Қазақстандық ММА файтері Қуанбек Бақгелді Өзбекстанның Әндіжан қаласында өткен Mangu Professional League 4 турнирінде жеңімпаз атанды.
Аса жеңіл салмақта өнер көрсеткен отандасымыз өзбекстандық Фазлиддин Махмудовпен кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Қуанбек Бақгелдінің мерейі үстем болды.
Осылайша қазақстандық файтер кәсіби мансабындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Ал осы кездесуге дейін жеңіліп көрмеген Фазлиддин Махмудов кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Біздің серіктес: Sport12kz