4 сағат бұрын
Португалиялық футболшы матч кезінде көз жұмды
Португалияның «Реал СК» клубында өнер көрсеткен Кевин Каштру 25 жасында қайтыс болды.
Қайғылы жағдай 22 тамызда «Реал СК» мен «Эштрела да Амадора» арасындағы жолдастық матч кезінде болған. Ойынның алғашқы минуттарында Каштру алаңда есінен танып қалған.
Медицина мамандары футболшыға дереу көмек көрсетіп, дефибриллятор қолданған. Кейін ол ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Футболшының өліміне нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Кевин Каштру футболдағы жолын Англияда жалғастырып, «Челси» мен «Вест Бромвич» клубтарының жүйесінде тәрбиеленген. Кейін «Бертон Альбион», «Ноттс Каунти», «Гейтсхед» және «Йорк Сити» командаларының намысын қорғады.
Биыл ол Португалияға оралып, «Реал СК» сапына қосылған еді.
Клуб Кевин Каштрудың қазасына байланысты көңіл айтып, футболшының отбасы мен жақындарына қолдау білдірді.
Біздің серіктес: Sport12kz