6 сағат бұрын
АПЛ: бүгін «Манчестер Сити» өз алаңында «Борнмутты» қабылдайды
Бүгін, 23 тамызда, Англия Премьер-лигасының жаңа маусымындағы алғашқы тур аясында «Манчестер Сити» өз алаңында «Борнмутты» қабылдайды.
Кездесу Манчестердегі «Этихад» стадионында өтеді. Матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 18:00-де басталады.
Екі команда үшін де бұл АПЛ-дағы жаңа маусымның алғашқы ресми ойыны болмақ. «Манчестер Сити» соңғы ресми кездесуін 16 тамызда Англия Суперкубогында өткізіп, «Арсеналдан» 0:3 есебімен жеңілген.
Ал «Борнмут» маусым алдындағы соңғы жолдастық кездесуін 15 тамызда «Майнцқа» қарсы өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Өткен маусымда «Манчестер Сити» 78 ұпай жинап, чемпионатты екінші орында аяқтаған. «Борнмут» 65 ұпаймен алтыншы орынға жайғасты.
Командалардың соңғы өзара кездесуі 19 мамырда АПЛ аясында өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталған.
Біздің серіктес: Sport12kz