4 сағат бұрын
Қазақстан Еуропаның үздік 15 елінің қатарына енді
Қазақстан Еуропаның 2026/2027 жылғы маусымындағы еурокубоктардың іріктеу кезеңіндегі матчтарға көрермендердің қатысу көрсеткіші бойынша 13-орынға жайғасты.
Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасының іріктеу кезеңдерінде қазақстандық төрт клуб өз алаңында жалпы сегіз матч өткізді. Бұл кездесулердегі стадиондардың орташа толу көрсеткіші 69,5%-ды құрады.
Әр ойынға орта есеппен 11 649 көрермен жиналған. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Швейцария (66%) мен Хорватия (65,6%) сияқты елдерді басып озды.
Еуропалық рейтингте бірінші орынды Чехия иеленді. Бұл елдегі стадиондардың орташа толу көрсеткіші 90,4% болды. Үздік үштікте Италия (89,9%) мен Нидерланд (89,4%) та бар.
Біздің серіктес: Sport12kz