2 сағат бұрын
«Бернли» Дастан Сәтпаевқа қатысты шешім қабылдады
«Бернли» клубы Англия чемпионатының екінші турында «Вест Бромвичке» қарсы өтетін сырт алаңдағы матчқа құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев кездесуді қосалқы құрамда бастайды. «Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен қазақстандық футболшыны негізгі құрамға енгізбеді.
«Вест Бромвич» — «Бернли» матчы бүгін, 23 тамызда, Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады.
Сәтпаев үшін бұл кездесу жаңа клубындағы дебюттік матч болуы мүмкін. Қазақстандық шабуылшы «Челсиден» «Бернлиге» жалға ауысқан болатын.
Айта кетейік, Сәтпаев «Челси» сапында маусым алдындағы турға қатысып, бір гол соққан.
Біздің серіктес: Sport12kz