7 сағат бұрын
Ислам Чесноков РПЛ-де дебют жасады
Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноков Ресей Премьер-лигасында «Крылья Советов» сапындағы алғашқы матчын өткізді.
РПЛ-дің бесінші турында самаралық клуб сырт алаңда Тольяттидің «Акрон» командасымен кездесіп, қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Бұл «Крылья Советовтің» осы маусымдағы чемпионаттағы алғашқы жеңісі.
Ислам Чесноков кездесуді негізгі құрамда бастады. Қазақстандық футболшы шабуылда белсенділік танытқанымен, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. Екінші таймның басында ол ескерту алып, артынша алаңнан кетті. Оның орнына Доминик Орос шықты.
Арада 11 минут өткенде Орос Ислаи Чесноковтың орнына шыққаннан кейін «Крылья Советовтің» екінші голын соғып, есепті 2:0-ге жеткізді. Самаралық клубтың алғашқы голын 19-минутта Никита Чернов салса, матчтың соңына қарай Владислав Шитов есепті 3:0-ге жеткізді. 
Осылайша, Ислам Чесноков Ресей Премьер-лигасындағы дебюттік матчында жеңіске жеттң. Қазақстандық футболшы «Крылья Советов» клубына тамыз айында қосылған. Бұған дейін ол Қазақстанның «Тобыл» клубында өнер көрсетіп, 2024 жылғы маусым қорытындысы бойынша Премьер-лиганың үздік ойыншысы әрі үздік сұрмергені атанған. 
Айта кетейік, «Акронды» жеңгеннен кейін «Крылья Советов» чемпионаттағы ұпай қорын толықтырып, турнирлік жағдайын жақсартты.
Біздің серіктес: Sport12kz