Матч орталығы
Германия кубогы Футбол Верль Верль 0:3 Аяқталды Гамбург Гамбург Серия А Футбол Болонья Болонья 0:1 Аяқталды Лацио Лацио Ла Лига Футбол Осасуна Осасуна 0:0 Аяқталды Леванте Леванте Уинстон-Сейлем мужчины Теннис Лоренцо Сонего Лоренцо Сонего 23:00 24.08 Вит Коприва Вит Коприва Бірінші лига Футбол Локомотив Локомотив 0:1 Аяқталды Арда Арда Серия А Футбол Рома Рома 4:0 Аяқталды Фиорентина Фиорентина Германия кубогы Футбол Халлешер Халлешер 2:4 ОТ Шальке Шальке ЮС Опен, женщины Теннис Клер Лю Клер Лю 1:2 Аяқталды Хизер Уотсон Хизер Уотсон Премьер-лига Футбол Фулхэм Фулхэм 2:3 Аяқталды Челси Челси Примейра-лига Футбол Жил Висенте Жил Висенте 2:0 Аяқталды Каза Пия Каза Пия Ла Лига Футбол Малага Малага 1:1 Аяқталды Депортиво Депортиво Премьер-Лига Футбол Тобыл Тобыл 19:00 Бүгін Қайсар Қайсар ЮС Опен мужчины Теннис Тимофей Скатов Тимофей Скатов 20:00 Бүгін Жиль-Арно Байи Жиль-Арно Байи Чемпиондар лигасы Футбол Сабах Сабах 21:45 Бүгін Хапоэль Хапоэль Лига кубогы Футбол Саутгемптон Саутгемптон 23:45 Бүгін Вест Хэм Вест Хэм Ла Лига Футбол Валенсия Валенсия 00:00 Ертең Бетис Бетис Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 00:00 Ертең НЕК НЕК Лига кубогы Футбол Ноттингем Форест Ноттингем Форест 00:00 Ертең Лидс Лидс Чемпиондар лигасы Футбол ЛАСК ЛАСК 00:00 Ертең Селтик Селтик

16 сағат бұрын

«Жетісу» клубының айналасында тағы бір жанжал туындауы мүмкін

«Жетісу» клубының айналасында тағы бір жанжал туындауы мүмкін

«Жетісу» футбол клубының айналасында жаңа дау туындауы мүмкін. Жетісу облысының спорт басқармасы клубтан бірнеше миллиард теңге көлеміндегі мемлекеттік тапсырыс бойынша есепті құжаттарды бір айдан астам уақыт бойы ала алмай отырғаны хабарланды.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік тапсырыс көлемі шамамен 3 миллиард теңгені құрайды. Техникалық ерекшелікке сай, клуб мемлекеттік қаражаттың жұмсалуы мен игерілуі туралы тиісті есеп беруге міндетті.

Алайда қажетті құжаттар белгіленген мерзімде ұсынылмағаны айтылып отыр. Сонымен қатар, клуб директоры Марк Гурманның да облыстық спорт басқармасының өкілдерімен байланысқа шықпай жүргені туралы ақпарат тарады.

Қазіргі таңда бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.

Жағдайдың мән-жайы алдағы уақытта белгілі болуы мүмкін. Басты мәселе — мемлекеттік тапсырыс аясында бөлінген қаражаттың қалай игерілгені және клубтың есепті құжаттарды не себепті уақытында ұсынбағаны.



Біздің серіктес: Sport12kz