1 күн бұрын
«Тобыл» — «Қайсар» матчының төрешілері тағайындалды
Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және инспекциялау департаменті 2026 жылғы Премьер-лиганың 21-турынан кейінге шегерілген «Тобыл» — «Қайсар» матчының төрешілер құрамын анықтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу 25 тамызда Қостанайда өтеді.
Матчтың бас төрешісі — Саят Қарабаев (Астана). Оған алаңда Алексей Долгих (Павлодар) пен Виктор Стасенко (Талдықорған) көмек көрсетеді.
Қосалқы төреші қызметін Станислав Шелег (Қостанай) атқарады.
VAR төрешісі — Саят Сұликанов (Ақтөбе), ал AVAR жүйесінде Рустам Омаров (Алматы) жұмыс істейді.
Кездесудің инспекторы болып Павел Салий (Өскемен) тағайындалды.
Біздің серіктес: Sport12kz