18 сағат бұрын
«Бернли» Дастан Сәтпаевты дебютімен құттықтады
Англиялық «Бернли» клубы қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаевты команда сапындағы дебютімен құттықтады.
18 жастағы шабуылшы Чемпионшиптің екінші турында «Вест Бромвичке» қарсы кездесуде алаңға шықты. Бұл Сәтпаевтың Англия чемпионатындағы алғашқы ойыны болды.
«Бернли» клубының әлеуметтік желідегі парақшасы қазақстандық футболшының дебютіне ерекше назар аударды.
«Дастан — Қазақстаннан «Бернлиге» ауысқан алғашқы қазақ ойыншысы», — деп жазды клуб.
Сәтпаев биыл жазда лондондық «Челсиден» «Бернлиге» бір маусымға жалға ауысқан болатын.
Біздің серіктес: Sport12kz