1 сағат бұрын
Бүгін «Тобыл» өз алаңында «Қайсарды» қабылдайды
Бүгін, 25 тамызда, Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегерілген 21-турындағы «Тобыл» — «Қайсар» матчы өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу Қостанайдағы Орталық стадионда 19:00-де басталады. Матчтың бас төрешісі — Саят Қарабаев.
ҚПЛ-да 21 матч өткізген «Тобыл» 25 ұпаймен 9-орында тұр. Ал «Қайсар» 20 ұпай жинап, 13-сатыда орналасқан.
Бүгінгі кездесу екі команда үшін де турнир кестесіндегі жағдайын жақсарту тұрғысынан маңызды болмақ.
Біздің серіктес: Sport12kz