25.08.2026
Дастан Сәтпаев үшін «Бернлиде» мүмкіндік артуы мүмкін
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың «Бернли» сапындағы ойын уақыты артуы мүмкін. Бұған клубтың шабуыл шебіндегі ықтимал өзгерістер себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ағылшындық The72 басылымының мәліметінше, «Бернлидің» шабуылшысы Андреас Хунтонжи клубтан кетуге жақын. Оған француздық «Сент-Этьен» мен немістің «Шальке» клубтары қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ италиялық «Фрозиноне» де футболшы үшін келіссөз жүргізген.
Хунтонжи «Бернлидің» маусымдағы алғашқы екі матчында да қосалқы құрамда болғанымен, алаңға шықпаған. Команданың шабуыл шебінде басқа ойыншыларға басымдық берілген.
Сонымен қатар Лайл Фостердің де болашағы белгісіз. Soccer Laduma басылымының хабарлауынша, «Бернли» бас бапкері Никки Хайен оңтүстік африкалық шабуылшының трансфері мүмкін екенін жоққа шығармаған.
Бұл жағдай Дастан Сәтпаев үшін жақсы мүмкіндікке айналуы мүмкін. Қазақстандық футболшы «Челсиден» жалға алынғаннан кейін «Бернли» сапында Чемпионшипте дебют жасап үлгерді. Егер шабуыл шебіндегі ойыншылардың бірі командадан кетсе, Сәтпаевтың ойын уақыты мен негізгі құрамға таласу мүмкіндігі артуы ықтимал.
Дегенмен қазіргі таңда Хунтонжи мен Фостердің «Бернлиден» кетуі ресми түрде расталған жоқ. Сондықтан бұл трансферлердің Сәтпаевқа нақты әсері алдағы шешімдерден кейін белгілі болады.
Біздің серіктес: Sport12kz