12 сағат бұрын
Әлібек Қасым ресейлік клубқа ауысудан бас тартты
Әлібек Қасым Ресейдің «Динамо» (Махачкала) командасына ауысудан бас тартты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.
Әлібек Қасым 1998 жылы Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген. Алматылық «Қайрат» клубының түлегі алдымен өз командасында 2016-2020 жылдары ойын көрсетті. Одан кейін петропавлдық «Қызылжар» клубында доп тепті.
2022 жылдан бері «Ақтөбе» клубының намысын қорғаса, биыл елордалық «Астана» сапына ауысты.
Біздің серіктес: Sport12kz